Қаражал қаласында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Қаражал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілуде. Қаланың саябағында ескі және қураған ағаштар кесіліп, аумақ толықтай қоқыстан тазартылуда.

Шараға мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, қала тұрғындары және коммуналдық мекеме қызметкерлері белсенді атсалысуда. Арнайы техника тартылып, жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр.

Мақсат – қаланы таза, жайлы әрі қауіпсіз ету.

#ТазаҚазақстан #TazaQazaqstan