Қаражал қаласында құрылыс саласында әр түрлі бағытта жұмыстар атқарылды

2024 жылы Қаражал қаласында құрылыс саласында әр түрлі бағытта жұмыстар атқарылды. Соның бірі — Қаражал қаласы және Жәйрем кентінде кәріз жүйелері жаңарту бойынша жұмыстар.
Жәйрем кентінің кәріз желілерін қайта құрудың екінші кезеңі бойынша жоба құрылыс құны 3476, 807,0 мың тг. құрайды. Нысан бойынша 505, дана ұңғымалар орнатылып, 30 шақырым кәріз желілері тартылды. Нысан 2025 жылы толық пайдалануға беріледі.
Сол сияқты, Қаражал қаласының кәріз дүйелерін қайта құрудың 2-кезеңі іске асырылды. Жоба бойынша құрылыс құны 3832 000,0 мың тг.құрайды. Бүгінгі күнге дейін 362 құдық орнатылып, 21, 59 шақырым кәріз желілері тартылды. Модульдік кәріздік сорғы станцияларын орнату және кәріздік тазарту құрылыстарын орнату үшін іргетастарды дайындау аяқталды.
Бұл жұмыстардың 2025 жылы толық пайдалануға берілуі аймақтың инфрақұрылымын нығайтуға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етеді.
С. Милиус,
«Қаражал қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы