Бүгін Қаражал қаласында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында облыстық сенбілік өтті.
Акцияның басты мақсаты – табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны ластанудан сақтау және еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту. Бұл акция арқылы тек қана көшелерді тазарту емес, сонымен қатар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
Былтырдан бастау алған бұл акция Қазақстанның барлық өңірлерінде үлкен қолдауға ие болды.
Қала тұрғындары сенбілікке белсене қатысып, қала көшелерін тазартуға өз үлестерін қосты.
Әрбір кішкентай іс – үлкен өзгеріске жол ашады.
Сондықтан экологиялық жауапкершілік тек бір күндік шара емес, бұл – өмір салтына айналуы тиіс құндылық. «Таза Қазақстан» акциясы – осы мәдениетті қалыптастыру жолындағы нақты бастама.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan