Қаражал қаласында мәдениет пен азаматтық  бастамаларға арналған жаңа орталық бой көтеруде

Қаражал қаласында маңызды инфрақұрылымдық жоба — халықтың шығармашылық, мәдени және қоғамдық әлеуетін дамытуға бағытталған көпфункционалды орталық салу іске асырылуда.

Жобада 200 орындық конференц-зал орналастырылатын заманауи екі қабатты ғимараттың құрылысы көзделген. Бұл зал қалалық форумдар, қоғамдық талқылаулар, халықпен кездесулер, концерттер, фестивальдар, шығармашылық іс-шаралар мен оқыту семинарларын, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің түрлі отырыстары мен кездесулерін өткізу үшін негізгі алаңға айналады.

Орталықтың құрылымына келесі шығармашылық және қоғамдық бағыттағы бөлімдер енеді:

• Өнер мектебі, оның құрамына:

o музыка бөлімі;

o бейнелеу өнері бөлімі;

o хореография студиясы кіреді;

• Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған үйірмелер, соның ішінде:

o балалар шығармашылығы;

o робототехника;

o техникалық модельдеу және басқа да білім беру бағыттары;

Орталықта Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Ардагерлер кеңесі, Жастар ресурстық орталығы сияқты қалалық қоғамдық бірлестіктердің кабинеттері мен қаланың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдіктері орналастырылады. Бұл кеңістіктер аталған бірлестіктердің отырыстарын, кездесулерін және қоғамдық іс-шараларын өткізуге арналған тұрақты алаң болады.

2024 жылы жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуге жергілікті бюджеттен 23 907,0 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жобалау ұйымы «Қазақстандық сәулет-құрылыс компаниясы»ЖШС болып белгіленді. ЖСҚ әзірлеу толық көлемде аяқталды.

Қазіргі уақытта Жер жұмыстары аяқталып, ғимараттың іргетасы салынуда.

Құрылыстың аяқталуы 2027 жылға жоспарланған.