Қаражал қаласында көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылып жатыр

2025 жылы «Жаңа нысандарды салу және қолданыстағы нысандарды қайта жаңғырту» бағдарламасы аясында Қаражал қаласында бірқатар маңызды құрылыс жобалары қолға алынуда. Аталған бағдарлама шеңберінде қазіргі уақытта Тәуелсіздік көшесі, 12-үй мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның атауы – «Қаражал қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 12-үй мекенжайындағы тұрғын үйді қайта жаңғырту».

Сараптаманың қорытындысына сәйкес Жобаның мердігері – «Қазбайлық Астана» ЖШС, техникалық қадағалауды «Құрылысмаркетинг» ЖШС жүзеге асыруда, ал авторлық қадағалау жұмыстары «Инвестициялық Консалтингтік топ Cosmos Art» ЖШС тарапынан жүргізілуде.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Жоба бойынша жалпы келісімшарттық сома – 529,8 млн теңге, оның барлығы жергілікті бюджет есебінен 2025 жылға бөлінген. Жұмыстардың орындалуы аяқталуға жақын.

Жобаның техникалық көрсеткіштері де айқындалған: тұрғын үйде 36 пәтер, жалпы ауданы 1 494,3 шаршы метрді құрайды.

Қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталуы нәтижесінде Қаражал қаласында заманауи талаптарға сай, тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз баспана пайдалануға берілмек. Бұл жоба өңірдегі тұрғын үй қорын жаңарту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып саналады.