Қаражал қаласында «Этносаралық келісім және өзара құрмет» тақырыбында кездесу өтті

Қаражал қаласында «Өркен Атасу» ЖШС «Өркен» өкілдігі ұжымымен «Этносаралық келісім және өзара құрмет» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді Ұлытау облысының Қоғамдық даму басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесінің басшысы, Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлбану Орынбасарқызы Сейтжанова және облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, Этномедиация орталығының координаторы Гатиятова Гүлназ Рашидовна жүргізді.

 

Кездесу барысында этносаралық татулықты сақтау, бірлік пен өзара құрметті нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушыларға қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, әр азаматтың өзара сыйластық пен мәдениетаралық диалогқа үлес қосуының мәні атап өтілді.

 

Осы шара аясында ұжым мүшелері өз пікірлерін білдіріп, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту жолындағы өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.