«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қаражал қаласында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Игі шараға мекеме қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ қала тұрғындары белсенді түрде қатысты.
Қаланың әртүрлі аумақтарында тазалық жұмыстары жүргізіліп, күл-қоқыс жиналып, ағаштарға күтім көрсетілді. Бұл бастама — табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған маңызды қадам.
Қала тұрғындары мұндай акциялардың экологиялық мәдениетті қалыптастыруда, әсіресе жас ұрпаққа үлгі көрсетуде үлкен маңызы бар екенін атап өтті. #TazaQazaqstan #ТазаҚазақстан, #чистаястрана, #экология, #TazaChallenge