Қарапайым еңбектің ұлы күші: өндіріс адамы – қоғам тірегі

Қоғамның тұрақты дамуы мен ел экономикасының ілгерілеуі ең алдымен адал еңбек иелерінің маңдай терімен өлшенеді. Қарапайым көрінгенімен, өндіріс саласында табанды еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандар – мемлекет тірегі, ел дамуының сенімді негізі. Олардың күнделікті еңбегі арқылы зауыттар жұмыс істеп, қалалар көркейіп, халықтың әл-ауқаты арта түсуде.
Өндіріс адамы – тек өз кәсібінің иесі ғана емес, жауапкершілік пен тәртіптің үлгісі. Тәжірибе мен кәсібилікке сүйенген жұмысшы кадрлар экономиканың негізгі салаларын алға жетелеп келеді. Металлург, кенші, құрылысшы, энергетик, механизатор сынды мамандық иелерінің еңбегі елдің өндірістік әлеуетін нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда.
Мемлекет тарапынан еңбек адамына көрсетіліп отырған қолдау – әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды бағыты. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, кәсіби білім беруді дамыту, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету – бұл еңбекке деген құрметтің нақты көрінісі. Осындай жүйелі саясат еңбек адамын қоғамдағы ең қадірлі тұлғалардың біріне айналдыруға бағытталған.
Қарапайым еңбектің ұлы күші – оның нәтижесінде. Әрбір өндіріс қызметкерінің адал еңбегі елдің ертеңіне деген сенімді қалыптастырады. Өндіріс адамы бар жерде тұрақтылық бар, даму бар, болашаққа нық қадам бар. Сондықтан еңбек адамын дәріптеу – тек құрмет көрсету ғана емес, елдік сананы нығайтудың маңызды тетігі.

Оспанова Замзагуль Кажмукановна
Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы