«AMANAT» фракциясы жол картасын қорытындылады

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы заңына сәйкес Қаражал қалалық мәслихатында құрылған «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының жылдық қорытынды отырысы болып өтті.

Аталған отырысқа Қаражал қаласының әкімі Айқын Елеусізов, Жәйрем кентінің әкімі Қайрат Жансағымов, Қаражал қалалық мәслихат төрағасы Зәмзагүл Оспанова, Қаражал қалалық мәслихаттың депутаттары Айгүл Мауленина, Марлан Шамбулов, Нұрбек Құлжанов, Данияр Жақсыбеков, жергілікті қауымдастық мүшелері Асқарәлі Омаров, Нұрлан Жаппаров және мемлекеттік мекеме басшылары қатысты. «AMANAT» партиясының Қаражал қаласы бойынша құрылған Жол картасында 62 индикаторлық көрсеткіштер бар. Осы көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау үшін облыстық және қалалық мәслихат депутаттары бекітілген. Жол картасының 3 көрсеткіші бойынша депутат Данияр Жақсыбеков, Айгүл Мауленина 11 көрсеткіш, Арынғазы Тәкібаев 7, Зәмзагүл Оспанова 15, Жұмакүл Ахметова 15, Гауһар Наурызбаева 5, Марлан Шамбулов 8, Нұрбек Құлжанов 3 көрсеткіш бойынша индикаторлардың орындалуын үнемі қадағалауда.

Бүгінгі отырыстың күн тәртібі бойынша бірінші кезекте Қаражал қаласының әкімі Айқын Елеусізов жол картасы бойынша атқарылған жұмыстарды талқылап, есебін берді.
Қала басшысының есебі бойынша Қаражал қаласы бойынша 2024 жылдың 11 айында 62 индикаторлық көрсеткіштің 25-і орындалды (40,3%), орындау сатысында 34 (54,8%), орындалу мерзімі келмеген 3 (4,9%), орындалмағаны жоқ (0%). Орындалу мерзімі келмегендер, Қаражал қаласында 80 орынды 1 жаңа мектептің құрылысы, оқушылар сарайының құрылысы, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін пәтерлерді сатып алу.
Орындалмау қауіпі бар сатысындағы индикаторлық көрсеткіштер туралы айтсақ, оқу ұйымдарында және жұмыс берушілерде жұмыс орнында кемінде 550 жұмыссызды оқыту бойынша: «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 80 адам оқытылды, 2024 жылға жоспар 100 адам 80% құрайды. Гранттарды ұсыну аяқталуына байланысты «Бастау Бизнес» онлайн оқытуының орындалмау қауіпі бар.
Әлеуметтік осал топтарындағы азаматтарға 5 жыл ішінде Қаражал қаласы бойынша 125 грант берілу жоспарланған болатын.
«Жұмыспен қамту орталықтары» орнына жаңадан ашылған «Мансап орталығында» 2024 жылға бекітілген жоспарға сәйкес 13 қайтарымсыз грант берілді.
Ерекше қажеттіліктері бар кемінде 147 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болатын, алайда мүгедектігі бар адамдарды орналастыру қауіпі бар, себебі, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алып отырған жандар аталған жәрдемақыларын жоғалтамыз деп жұмысқа тұрудан бас тартуда.
Бос тұрған инфекциялық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу бойынша: сатып алуды «Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» жүзеге асырды. Жеңімпаз «Гарейс-Строй» ЖШС болды, ол 140 563 617,43 теңгені құрады. Шарттың жасалған күні 05.03.2023 ж. Демонтаж жұмыстары жүргізілді, бірақ, техникалық қадағалауға келісім-шарт жасалмағандықтан, құрылысты жалғастыруға рұқсаты жоқ. (GASK сертификаты).
Келесі бір жоспар 5 жылда 17,9 мың шаршы метр тұрғын үй салу.
Үйді қайта жөндеу жұмыстарын «Иман» ЖШС 2022 жылы бастаған. «Иман» ЖШС шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауына байланысты шарт бұзылды. 2023 жылы Тәуелсіздік көшесі, 12 мекенжайындағы 1 жалдамалы үйді қайта жөндеуге жергілікті бюджеттен 307 млн теңге бөлінді. Қайтадан өткізілген мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы бойынша «ГрадСтройСервис» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Келісім 09.02.2023 жылы 291 млн теңгеге жасалды.
Өнім берушінің шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты 2023 жылғы 31 тамызда жасалған шарт бұзылды. «ГрадСтройСервис» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану бойынша талап-арыз жұмыстары жүргізілуде. Талап-арыз сотқа 2023 жылдың 4 қыркүйегінде жіберілді.
Өткен жылдың қазан айында жаңа өнім берушіні таңдау бойынша мемлекеттік сатып алуды қайталау жүргізілді. Сатып алу қорытындысы бойынша 2023 жылғы 26 қазандағы №53 шарты «Астана Премиум Строй» ЖШС-мен Жезқазған қаласы, бұрынғы жеткізушінің орындаған жұмыстарын шегеріммен 275 млн теңге сомасына жасалды. Нысан бойынша актілер жабылмады. Шарт жобада көзделмеген жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне байланысты тараптардың келісімі бойынша бұзылды. Қазіргі уақытта нысан бойынша жұмыстар жүргізілмейді. 2024 жылы жобаны түзетуге жергілікті бюджеттен 6 787,7 мың теңге бөлінді. Өткізілген Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жобалық ұйым – «Cosmos Art» инвестициялық консалтингтік тобы» ЖШС анықталды. Шарт сомасы-6 787,7 мың теңге. Жобаны әзірлеу бойынша жұмыстарды аяқтау -25.12.2024 ж.
2025 жылы үйді қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жәйрем кентіндегі 70 пәтерлі 2 үйдің (Абай көшесі, № 11, 13) қайта жөндеу жұмыстарына жобалық құжаттаманы әзірлеуге жергілікті бюджеттен 37,3 млн теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп, келісім-шарттар жасалды. Алайда, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысында үйлерге қосымша техникалық сараптама жүргізіліп, оның барысында көпқабатты үйлердің қалпына келтіруге және пайдалануға жарамсыз екені анықталды. Үйлер қауіпті деп танылуына байланысты жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жасалған келісім-шарттар бұзылады.
Осыған байланысты басқа да көпқабатты тұрғын үй нысандарының пайдалануға жарамдылығына және қалпына келтіруге техникалық тексеру жүргізу шаралары жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Қаражал қаласының 25 орам 20 үй мекенжайы бойынша 96 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғыртудың жобалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Жобалық құжаттама дайын. Жобаның сметалық құны – 1,5 млрд теңге. Пайдалануға берілетін тұрғын үйдің ауданы 4400,0 шаршы метр. Жобаны іске асыру 2025 жылы басталады. Орындау сатысындағы индикаторлық көрсеткіштер туралы айтсақ, 40 тармақ. Қаражал қаласындағы жабық бассейннің құрылысы. Жоба 2022 жылы басталды. Нысанның іске қосылуы – 2024 жылдың қазан айы. Жеткізуші – «Балқаш Жібек Жолы» Балқаш қаласы. Келісімшарт сомасы 945,3 млн теңгені құрайды. Техникалық қадағалау – «KZ Stroyekspert» ЖШС. Авторлық жетекшілік жүргізуші – «Семстройпроект» жобалық барлау институты» ЖШС 2022 жылы іргетас салу жұмыстары аяқталды.
Нысанның дайындығы -75% құрайды. Құрылыс алаңында ғимараттың құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды. Ғимараттың ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары аяқталуда. Сыртқы инженерлік желілер мен модульдік қазандықтың құрылысы бойынша жұмыстар да аяқталды. Аумақты абаттандыру және жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға берілу мерзімі 2024 жылдың аяғы.
Жәйрем кентіндегі газ құбыры мен автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы, Жәйрем кенті мен Қаражал қаласын газбен жабдықтау желілері.
«Мемсараптама» РМК қорытындысына сәйкес жобаның жалпы құны 17 930,176 мың теңгені құрайды. Тапсырыс берушінің нысанды салу жөніндегі функциялары «Қаражал қаласының құрылыс бөлімі» ММ-ге берілді. Шарттар бойынша құны – 17 416 749, 5 мың теңге. Мердігер — «Астана Премиум Строй» ЖШС. Жұмыстың басталуы – 2025 жылғы наурызда жоспарлануда.
Тағы бір жоспардағы жұмыс Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінің кәріз желілерін қайта жаңарту (2 кезең).
Қаражал қаласының кәріз желілерін қайта құру, 2 кезең, Мердігер – «AGS-PLAST» ЖШС, Алматы қаласы, келісім-шарт – 3580,6 млн теңге, 2024 жылға дейін игерілген сома – 311,0 млн теңге (РБ), 2024 жылы 2318,6 млн теңге бөлінген (оның ішінде: ҰҚ – 966,3 млн теңге, ОБ – 1352,3 млн теңге) жобаны аяқтауға қажетті сома – 951,0 млн теңге (ОБ).
Жәйрем кентінің кәріз желілерін қайта жаңғырту, 2-кезең, Мердігер – «Теміртау реттеу орталығы» ЖШС, Теміртау қаласы, келісім – шарт – 3407,7 млн теңге, 2024 жылға дейін игерілген сома – 1219,2 млн теңге (РБ,ОБ), 2024 жылы 1591,2 млн теңге бөлінген (оның ішінде: ҰҚ – 769,5 млн теңге, ОБ – 821,7 млн теңге) жобаны аяқтауға қажетті сома – 597,3 млн теңге (ОБ).
Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 36 нысанын бейімдеу.
2024 жылға 10 нысанды бейімдеу жоспарланған. 9 нысан толығымен бейімделген, яғни, 90% орындалды.
Қала әкімі Айқын Елеусізовтың есебі тыңдалғаннан кейін жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, әр салаға жауапты мамандар жауабы берілді.
«AMANAT» партиясы депутаттар фракциясы келесі жылдың жоспарын жобалап, Жол картасымен өткен жылда атқарылған бар жұмысты талқылап, кемшін тұстарды айта отырып, жеткен жетістіктерді қозғады.
Алда атқарар жұмыс қыруар. Халықтың мүддесі үшін аянбай адал еңбек ету, «аманаттықтардың» міндеті.

Гауһар НАУРЫЗБАЕВА,
Қаражал қалалық мәслихат депутаты.