Қала тазалығы – ортақ міндет

Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары!

Қала аумағында құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарға тастау фактілері анықталуда. Бұл жағдай қоршаған ортаға зиян келтіріп, қаламыздың келбетіне кері әсерін тигізеді.

📌 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің №508 бұйрығының 18-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығаруға міндетті.

Бейнебақылау құралдары құқықбұзушыларды анықтаған жағдайда, олар заңнамаға сәйкес міндетті түрде жауапкершілікке тартылады.

📢 Жезқазған қаласының әкімдігі және полиция басқармасы тиісті бақылау жұмыстарын күшейтетінін хабарлайды!

Қаламыздың тазалығы – ортақ міндетіміз! Қоршаған ортаға бей-жай қарамай, қоқысты белгіленген орындарға шығаруды сұраймыз.

📌 Тазалықты сақтайық – Жезқазғанның жарқын келешегі өз қолымызда!