Алғыс айту — адамгершілік жаршысы

Алғыс айту – адамгершілікке негізделген ең таза және ізгі сезімдердің бірі. Алғыс айту күні көпұлтты және көпмәдениетті қоғамда түрлі халықтардың арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыратын, бірлікті нығайтатын ерекше мейрам. Бұл мейрам тек қана белгілі бір халықтың мерекесі емес, бүкіл қоғамның рухани бірлігін бейнелейтін маңызды күн болып табылады. Алғыс айту күні адамзаттың барлық өкілдерінің өзара сыйластық, түсіністік пен қолдау көрсетуі қажет екендігін ескертетін ұғымға айналады.

Айтулы мерекенің құрметіне өткен аптада № 1 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Алғыс айту – адамгершілік жаршысы» атты іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.
Шараның негізгі мақсаты – Ал­­ғыс айту мәдениетін қа­лып­тастыру, адамгершілік құн­дылықтарды насихаттау. Алғыс ай­ту мерекесінің шымылды­ғын мектебіміздің ұстаздары Әб­дірәсіл Рахым мен Әйгерім Ада­мина бастаған домбырашы оқушылар әдемі күймен ашып берді. Сонымен қатар, әр ұлттың мәдениетімен таныстырып, биін билеген 9 сыныптың ұл-қыздары өнерлерін аямай салды. Сондай-ақ, 7 сынып оқушылары Алғыс айту күніне әсерлі көрініс қойды. Әрқайсымыз өз өмірімізде жақсы көретін, қолдау көрсеткен жандарға, біздің жолымызда үлес қосқан адамдарға алғысымызды білдіргіміз келеді. Концерттік бағдарламаны ағылшын пәнінің мұғалімі Қарлығаш Қалмағамбетова мен 9 сынып оқушылары «Алғыс айту» әнімен әдемі қорытындылады.
Алғыс айту – адамгершіліктің жаршысы, бізге бір-бірімізді түсініп, қолдап, сүйіспеншілікпен қарай білу керектігін еске салатын құндылық. Осындай игі іс-шаралар бүгінгі ұрпақ үшін өнегеге айналса, еліміздің болашағы жарқын болары анық.