Қайрат Мутаев «Ұлытау облысының ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Қайрат Меңдібайұлы Мутаев, 41 жаста. Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар. Батыс Қазақстан аграрлық университетін тәмамдаған. Ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2002 жылы Орал қаласында «Агрофирма Акас» ЖШС зоотехнигі болып бастаған. Әр жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерішісінің орынбасары, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі өндіріс және мал өнімдерін қайта өңдеу департаментінде бас сарапшы, басқарма басшысы, директор орынбасары болған.
2021 жылғы қыркүйектен осы тағайындауға дейін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы департаменті директорының міндетін атқарушы лауазымын атқарды.
Үйленген, 2 баласы бар.