Айқын жауапкершілік пен нақты бағдар

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысындағы мәлімдемесі ел дамуына қатысты түбегейлі әрі прагматикалық ұстанымды айқын көрсетеді. Оның өзегінде адам капиталының сапасын арттыру және цифрландыру мен жасанды интеллектті нақты нәтижеге бағыттап енгізу міндеті тұр. Ең маңыздысы – аталған бастамалардың науқаншылдық пен көзбояушылыққа ұрынбай, өлшенетін әрі қоғамға нақты пайда әкелетін істермен жүзеге асуы қажет екені нақты айтылды.

Шешім қабылдау мерзімін қысқарту, еңбек өнімділігін арттыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту сияқты көрсеткіштерді алға қою – мемлекеттік аппарат үшін айқын жауапкершілік пен нақты бағдар. Бұл цифрландыру мен жасанды интеллектті жай ұран деңгейінде емес, елдің басқару жүйесін тиімді ететін стратегиялық құрал ретінде қарастыруды талап етеді.

Осындай талапшыл әрі нәтижеге бағытталған тәсіл елдің қазіргі тарихи, бетбұрысты кезеңінде орнықты даму мен ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттіліктің берік негізін қалыптастырады.

Жалғасқан ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,

 «Қазыналы өңір» газетінің редакциясы» ЖШС директоры.