АЭС-тің салынуы көптеген мәселені шешілуіне жол ашпақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп атаған Қазақстан халқына Жолдау 9 пункттен тұрады.

Әрине, тоқталған әрбір мәселе мемлекет дамуы үшін өте маңызды.

Соның ішінбк АЭС-қа байланысты сұрақ көптің көкейінде сұрақ тудырғаны анық. Бүгінде энергия тапшылығының күшейе түскені біразымызға мәлім. Ал бұл сұранысты мемлекет басшысы атом энергетикасы қамтамасыз ете алатынын, сенімді және экологиялық таза қуат көзі екенін атап өтті.

Қазіргі таңда дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Бұл — АЭС энергия тапшылығының орнын толтырғанының айқын дәлелі. Сол себепті де елімізде АЭС-тің салынуы көптеген мәселені шешілуіне жол ашпақ.

Бөлім басшысы А.Бургокова.