Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 6 қазанда елімізде Референдум өткізу жарияланды.
Референдумның талқысына түсетін мәселелер:
1) Республика Конституциясын, конституциялық Заңдарын, заңдарын қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу;
2) Республиканың мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiн шешу қойылуы мүмкiн.
Еліміздің экономикасы көтеріледі, себебі энергия болады. Зауыттар салынады, өнеркәсіп көбейеді. Энергияның бағасы азаяды. Жұмыссыздық азаяды, мамандар тартылады. Осының бәрі АЭС салынғанда болады екен. Бұның бәрі АЭС төңірегінде айтылып жатқан мәселе. Бұл бүгінгі уақыттың талабы деп білемін. Еліміздің көркеюі, өркендеуі жолында әрбір елім, жерім деген азамат өз таңдауын дұрыс жасайды деген сенімдемін!
.Жамбекова Айтолкын Бурумбаевна,
Қаражал қаласы білім бөлімінің “№10 жалпы білім беретін мектебі” КММ директоры