Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында АЭС салудың маңыздылығын атап өтті.
«Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын» дей келе, Президент ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс екенін айтты.
Иә, АЭС салу – қазіргі заман талабына айналып отыр. Атом энергиясы — ең таза энергия көздерінің бірі. Көмір мен газ электр станцияларынан айырмашылығы, АЭС атмосфераға зиянды заттар, мысалы, көмірқышқыл газы, күкірт және азот оксидтерін шығармайды. Бұл біздің газдар шығарындыларымызды айтарлықтай азайтады және Қазақстанның климаттың өзгеруімен күресу бойынша міндеттемелерін орындауға көмектеседі.
Атом электр станциясының құрылысы мен эксплуатациясы жұмыс орындарын құрып, жергілікті инфрақұрылымды дамытуға көмектеседі. АЭС жоғары білікті мамандарды қажет етеді, бұл халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге және біліктілігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, атом энергетикасы саласындағы жаңа технологиялар мен ғылыми зерттеулер дамуы инновациялар мен өзге де салалардың өркендеуіне ықпал етеді.
Мауленина Айгуль Куловна,
“AMANAT” партиясы Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысы