Атом электр станциясын салу туралы сөз алғаш рет 1990-жылдары қозғалды, бірақ нақты қадамдар жасалмады.
Кейінгі жылдары бұл мәселе бірнеше рет талқыланып, соңғы онжылдықта қайтадан күн тәртібіне шықты.
Бұл кезеңде Қазақстанның уран қоры мен ядролық тәжірибесі болғанымен, нақты шешім қабылданған жоқ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында АЭС салудың экономикалық және энергетикалық қажеттілігін атап өтіп, елде тұрақты және экологиялық таза энергия көзі ретінде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты.
АЭС салудың артықшылықтары көп. Қазақстанда электр энергиясының тұрақты көзі ретінде АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге болады.
Атом энергиясы үлкен көлемдегі энергияны үздіксіз өндіре алатындықтан, энергия импортына тәуелділікті азайтады.
АЭС көмір немесе табиғи газ сияқты қазбалы отындарды пайдаланбайды, яғни атмосфераға зиянды газдар шығармайды. Бұл парниктік газдарды азайтуға және климаттық өзгерістермен күресуге көмектеседі.
Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және көміртексіз «жасыл» экономикаға көшу елдің сенімді базалық энергетикасынсыз мүмкін еместігіне сенімдімін.
“Болашақ-Қаражал” қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Токабаева Сания Абикеновна