Қадірлі ағайын! Құрметті жерлестер!

Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Рамазан – мейірімнің бастауы, кешірім мен қайырымдылықтың айы. Қасиетті айдың аяқталуына орай атап өтілетін айт мерекесі — халқымыз үшін діни ғұрып қана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам.

Ораза айт мерекесі — алыстағыны жақындатып, ауызбіршілікпен араласуды насихаттайды. Ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Бұл күн — жұртшылықтың қайырымды іс жасауына, мұқтаждарға қол ұшын беруіне үндейтін қасиетті мейрам.

Атаулы күнмен өздеріңізді құттықтай отырып, отбасыларыңызға бірлік-береке, бастарыңызға амандық тілейміз. Ораза айтта қуанышқа кенеліп, мейірім-шаттыққа бөленіңіздер!

Берік Әбдіғалиұлы,
Ұлытау облысының әкімі. 

Бауыржан Шыңғысов,
Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы.