Енді ешкім де қалаған аңын бас салып, атып ала алмайды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы бұйрығына сәйкес, 2022 жылдың 1 шілдесі мен 2023 жылдың 15 ақпанына дейінгі аралықта атуға болатын жануарлардың лимиті белгіленді.
Құжатқа сүйенсек, аталған мерзімде Қазақстан аумағында 15 124 қабан, 1 110 марал, 11 185 сібір елігін, 515 бұлан, 1 347 тауешкі, 150 қоңыр аю, 126 сілеусін, 509 жанат тәрізді ит, 13 904 қарсақ, 57 764 түлкі, 15 132 борсық, 10 297 ақкіс, 109 148 ондатр, 391 322 қоян, 304 430 суыр, 254 000 қаз, 886 000 үйрек, 52 758 кулик, 87 489 қырғауыл, 111 338 құр, 132 904 көгершін және тағы басқаларын атуға рұқсат берілген.
Өз тілшімізден.