Қаражалдың Құрметті азаматы Омар Мешітбай жұбайымен бірге дауыс берді

Қаражал қаласының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Қаражал қаласының Құрметті азаматы Омар Мешітбай жұбайымен бірге референдумда өз дауысын берді

Ұлытау облысы, Қаражал қаласының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы әрі Құрметті азаматы Омар Мешітбай жұбайымен бірге бүгін референдумға қатысып, өз дауыстарын берді. Бұл – ел болашағы үшін маңызды қадам.

Қаламыздың ардақты ақсақалының осындай маңызды шараға қатысуы – әрбір азаматтың өз дауысын беріп, еліміздің дамуына үлес қосуының қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет айқындайды. Әр дауыс – бұл біздің ортақ болашағымызға деген жауапкершілігіміздің көрінісі!