Компанияға қызмет көрсету туралы өтініш жасаған кезде шарт жасаудың маңыздылығы туралы айтқан болатынбыз. Бұл ретте шартта жұмысты аяқтау мерзімдері міндетті түрде жазылуы тиіс. Тіпті қызметтер тұрақты түрде көрсетілмесе де үзіліс уақытын көрсетіңіз.
Жасалған шартқа сәйкес егер орындаушы міндеттемелерді орындаудан бас тартатын болса, сіз өтемақыны немесе шартты бұзуды талап ете аласыз – бұл сіздің қауіпсіздігіңіз.
Қызмет көрсету барысында шартта сәйкес келмеуді анықтаған кезде нені көздеуге болады?⠀
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 35-бабына сәйкес сіздің:
Кемшіліктерді тегін түзетуді талап етуге;
Сыйақыны азайту туралы келісуге;
Сапасы дәл сондай біртектес материалдан басқа затты өтеусіз жасап беруді немесе жұмысты қайта орындауды (қайта қызмет көрсетуді) талап етуге;
Тұтынушылардың кемшіліктерді жою құқығы шартта көзделгенде, оларды жоюға арналған өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқығыңыз бар.
Егер орындаушы жұмысты орындауды (қызмет көрсетуді) бастау және аяқтау мерзімдерін, сондай-ақ жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) кемшіліктерді жою мерзімдерін бұзса, егер шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, онда ол мерзімін өткізіп алудың әрбір күні үшін жұмыс (көрсетілетін қызмет) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге тиіс.
