Ұлытау облысы құрылғалы жолаушылар тасымалында да елеулі өзгерістер болып жатыр. Қазір Жезқазғаннан өзге аймақтарға ұшақ қатынасы жолға қойылуда.
Халықты тұрақты әуе қатынасымен қамту мақсатында «Жезқазған – Қарағанды» бағыты бойынша конкурстық жұмыстар жүргізілді, тасымалдаушысы «Южное небо» әуекомпаниясы» АҚ болып анықталды. 2023 жылдың 1ақпанынан бастап тасымалдаушы жолаушылар тасымалын АН-42 маркалы, сиымдылығы 48 орны бар ұшақтармен іске асырады. Ұшу кестесі аптасына 4 күн.
Орайы келгенде айта кетейік, бүгінгі күнге «Жезқазған – Қарағанды» бағыты бойынша №107 «Жезқазған – Нұрлы Жол (Астана)» күнделікті сағат 20.25-те, №117 «Қызылорда – Павлодар» күнара сағат 16.50-де және 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап №65 «Жезқазған – Нұрлы Жол (Астана)» жолаушыларға арналған поездар қатынауда.
Өз тілшімізден