АҒАНЫ САҒЫНУ

Қаражал қаласының Құрметті азаматы, тыл және еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Амангелді (Қодан) Жетімекұлы Тлеубаевтың рухына арналады.

Сағындым Аға өзіңді,
Мейірім төккен көзіңді.
Сағындым, Аға, сағындым,
Жарқын-ау деген сөзіңді.
Бір жыл өтті, жан аға, сен өткелі,
Мұң бесігі тағдырдың тербеткелі.
Жетім қозы түңіліп отыққанмен,
Жүректерге сағыныш сен жетпедің.
Төгілуші еді, көзіңнен мейірім нұры,
Сезілуші еді, сөзіңнен сезім сыры.
Ауыр тиіп кетпесін деген дейін,
Астарменен жеткіздің әр сәт мұны.
Аңсап келіп өзіңе, шертуші ем сыр,
Бұл күндері өзің жоқ, бөлмең бос тұр.
Жетім жүрек ұлғайып қасіреті,
Қайтып жүрмін аңсаумен сол күнді мың.
Тағдыр бізді байлапты бір тұғырға,
Деген дейін сүйеу боп сен жығылма.
Тірек болдың жан аға, өткеніңше,
Жетерліктей күш беріп бір ғұмырға.
Сеземін, бар жақыннан маған ауыр,
Сөз емес, іспен аға, болдың бауыр.
Сен салған сара жолмен өрмеледім,
Болмаса да өзгеден тұғырым тәуір.
Ардың жолын әрдайым ардақтадың,
Шеңберінен әділдік аттатпадың.
Өзің салған сүрлеумен жүріп келеді,
Артыңа ерген дос, бауыр, ұрпақтарың.
Қажымадың сол жолда шаршамадың,
Ағарса да басыңда қанша шашың.
Сол еңбектің өтеуі өтелгендей,
Ұрпақтарды көргенде марқаятын.
Көре алмады кей пенде, күндеді де,
Үйлеспейтін пейілі мүлде сізге.
Жүрегінде мейірім, болса сәл-пәл,
Көрер деймін түсінде, күнде түнде.
Тәңірі бізге сыйлапты тек өзіңді,
Жаратылған темірдей тым төзімді.
Көзі көрген ағайын растайды,
Қабыл алып айтылған бұл сөзімді.
Сан тағдырды өткіздік ғазиз бастан,
Жетім қалып анадан бала жастан.
Көп болмайды дер едім сол күндерді,
Жыр тілмен егер де жазсам дастан.
Соның бәрін көтеріп жалғыз өзің,
Алып шықтың дариға жетіп төзім.
Дұшпанға да ол күнді тілемес ем,
Ауыр күндер өткерген көрген көзім.
Ардақтадың қарттарды, құрметтедің,
Жүрмесең де қарықты болып өзің.
Сол мейірің ұрпақтан қайтқандай ма,
Жайды сезіп, жан аға, көрді көзің.
Ұлағатың артқыға тарау-тарау,
Жағып кеттің бірліктің отын алау.
Ақтай елің алдыңнан шыққаны жоқ,
Онда дағы ізгілік, ізің бар-ау.
Сексен тоғыз жасыңды жасап өттің,
Алғысына бөленіп алқа көптің.
Ұстаздыққа бағыштап бойда барды,
Ұрпақтардың жадына білім төктің.
Өсиетін әкенің арда тұттың,
Қасиетін исламның ерте ұқтың,
Сол ілімді сіңдіріп тал бойына,
Ауыл-аймақ, ұрпаққа дінді септің.
Қалауымен Алланың қажы бардық,
Жүректегі кеселден бір тазардық.
Атқарып, бес парыздың бір парасын,
Амал қылдық Алласы, құп аларлық.
Аға-інілік ұғысқан сапар болды,
Тәңірі сәтті сыйлапты басар жолды.
Кейінгі ұрпақ еске алып, үлгі тұтар,
Қос көңіл мен қош пейіл қатар қонды.
Ұрпақтарға айтайық мың рахмет,
Ағамыздың аңсаған бір арманы ед.
Өсиеті ата-ана өтелгендей,
Арда жанға бұйырды ақ ақырет.
Азаматтық борышты баптадың ба,
Абыздықтың ақ жолын ақтадың ба.
Халқың айтар арттағы ізің басқан,
Отырғызған құрметті таққа мына.
Құрметтісі атандың Қаражалдың,
Ардақтысы аталдың Ата нардың.
Кемелдіктің келбетін көріп кеткен,
Ақтығына сенеміз сара жолдың.
Жыл өтті, алып жүрек тоқтағалы,
Ардағын, елі, әулеті жоқтағалы.
Әуелден Тәңірінен жазу солай,
Жоқ бірақ, уақыт-пырақ тоқтамағы.

Сағынышпен: бауырың
Жарқынбай ЖЕТІМЕК.