14.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТМемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды  12.10.2026
Uncategorized

Ауылым менің – Қараағаш

16.11.2024 · 06:46 · admin

«Ауылым – алтын бесігім» деп біздің ата-бабаларымыз ерте заманнан-ақ ауылдың жай-күйі мен қасиетіне ерекше зейін қойып, тіпті, оны қазақи ұғым түсініктерімен де байланыстыра отырған.

Менің ауылым да өз жерімен, тау-тасымен, ғажап табиғатымен ерекше. Қараағаш – көне дәуір ес­керткіштеріне өте бай тарихи аймақ. Ерте дәуірден бастап тарихымен, батыр бабаларымыздың осы ауыл-аймақта болғанын аңғарып біле аламыз.
Ауыл – әрбір қазаққа етене жа­қын. Менің ауылым өзіме өте ыстық, жаныма жақын. Ауылымның орманы өте қалың, бұл ауыл үшін ғажап көрініс. Демалысқа келгенде орманға барып, таза ауа­мен тынығып қайтамыз. Ауылдың түтіні, самал желі, тұрмыс-тіршілігі, таза ауасы – баға жетпес асыл қазына. Қараағаш ауылы тұрмыс-тіршіліктің қайнаған ортасы. Ауылым мен үшін атқа мініп, әсем табиғаттың бейнесін көруіме себепші. Менің ауылым ең қасиетті, бойыма күш-жігер беретін, тынысымды кеңейтетін мекен.
Қазақтың ерекше сөзімен өз ойымды қорытындыласам, «Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді».

Сәнерке Хасенова,
Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды зерттеу
университеті журналистика факультетінің І курс студенті.