Еліміз үшін маңызды мәселелер қамтылды

2024 жылдың 2 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы жолдауда еліміз үшін маңызды мәселелерге ерекше тоқталып өтті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыру мақсатында Парламенттің екінші сессиясында 102 заң қабылданып, оның ішінде әлеуметтік салаға, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінген.

Қабылданған бірқатар заңға тоқталып өтер болсақ, бүгінде елімізде Ұлттық қордан кәмелет жасқа толмаған балалардың есепшотына қаржы аудару заңы іске асып, ағымдағы жылы алғаш рет балалардың шотына қаржы аударылған болатын. Сондай-ақ, жасөспірімдерді құмар ойынға тартқандар, кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер үшін берілетін жаза қатаңдады. Сонымен қатар, ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды.

Жолдауда айтылған өзекті мәселелердің бірі – Атом электр стансасын салу. Қазір әлемде энергия тапшылығы күшеюіне байланысты елімізге сенімді, экологиялық таза қуат көздері қажет екендігін, ал мұны шешудің тиімді жолы – атом электр статнсасын салу екендігін атап өтті. Атом электр стансасы бойынша жалпыұлттық референдум осы жылдың 6 қазанында өтеді.

Сондай-ақ, 2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Мемлекет басшысы осы жылда техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, халық әл-ауқатын жақсарту мақсатында мектепке дейңнгң бңлңм беру саласында әр балаға бөлінетін қаражат отбасының нақты табысына байланысты болу керектігін, кез келген әлеуметтік көмек әділ, ашық және тиімді болу керектігін айтты.

Біз бүгінде Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға талпынып жатқан елміз. Елде болып жатқан әр маңызды қадам, оң өзгеріс – халық үнін еститін мемлекет құру жолындағы жетістік. Соңғы 5 жылда орын алып жатқан реформалар елге оң әсерін тигізуде. Осы жолдаудың аясында атқарылатын жұмыстар да халықтың пайдасына шешілеріне біз бек сенімдіміз.

Ұйымдастыру мәселелерін, құжаттамамен қамтамасыз ету және әлеуметтік сала бойынша бөлімінің басшысы А.Бургокова