Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл бейбітшілік пен келісімді бағалайтын барлық қазақстандықтар үшін қымбат мереке.
Қазақстан халқының бірлігі күні қазақ жерін мекендеген адамдардың арман-мақсаттарын біріктірген тамаша мерекеге айналды. Еліміз әр ұлт пен ұлыстың тілін, салтын, әдет-ғұрпын құрметтей отырып, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа достық пен бірліктің нағыз үлгісін көрсетіп келеді.
Еліміздегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп, әлеумет ілгері басып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде демократиялық мемлекет құруға және алға өрлеуге зор ықпал етуде. Қымбатты жерлестер!
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Бірлік мерекесі қарсаңында, Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Бейбіт өміріміздің берекесі мәңгілік болсын, елімізде өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттардың ынтымақ-бірлігі күн өткен сайын нығая берсін!

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат
төрағасы.