Кент игілігіне

Жәйрем кентінің кішкентай тұрғындары кең спорт залдарына барып, көптеген секцияларға тегін қатысу мүмкіндігіне, спорт құралдары мен заманауи формаларға ие болды. Осы және өзге де игіліктерге «Казцинктің» арқасында қол жеткізілді. Жергілікті атқарушы билік пен «Жәйремнің болашағы» қоғамдық қоры арасында жасалған меморандумдар аясында компания кентте бірқатар шараларды жүзеге асырды. Кей жағдайда, тіпті, өз міндеттемелерінен артық қаржы бөлу жайы да бар.

«Казцинк» қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және уақытылы жалақымен қамтамасыз етуден тысқары, олардың өмір сүру деңгейінің артуына, балаларының қайда оқитынына, отбасыларының қандай медициналық көмек алып жатқанына да жауапкершілік алған. Компанияның басты құндылығы – адам. Және оны ісімен дәлелдеп келеді.

Жәйремде жаңа заманауи байыту фабрикасы бой көтере бастағанда, жергілікті тұрғындардың басым дені «Казцинктің» кент өмірін жақсартатынына күмәнмен қарағаны рас. Себебі, ондаған жылдар бойы жол, жарық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерінің күрмеуі шешілмей келе жатқан еді. Спорт, мәдениет және медициналық қызмет көрсету саласы да ақсап тұрған болатын. Міне, осынау күрделі жайттардың жоспарлы түрде шешіле бастағанына бес жылдың жүзі болды. Атап айтқанда, Жәйрем кентінің ауруханасына шақырылған дәрігерлерге әлеуметтік төлемдер жасалады. Көпқабатты тұрғын үйлерді жылытуға көмір алынады. Коммуналдық салаға қызмет көрсетуге қаржы бөлінеді. Кент тұрғындарын жаңа мамандықтарға оқытатын Құзырлықты дамыту орталығы құрылды.

Спорт федерациясын дамыту бағдарламасы да компанияның назарынан тыс қалған жоқ. Балаларға, жасөспірімдер мен ересектерге арналған секциялар кеңейтіліп, жаттықтырушылар құрамы күшейтілді. Кентте апатты жағдайлар орын алған кезде де көмек көрсетіледі. Қала құраушы кәсіпорын жергілікті ХҚО, аурухананың жұмысына тұрақты қолдау көрсетеді, әлеуметтік дәріхана жұмысы жолға қойылған.

Бұл – «Казцинктің» Жәйремде іске асырып жатқан шараларының бір бөлігі ғана. Меморандумнантыс компания ай сайын жалғызілікті зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға ай сайын азық-түлік жинақтарын жеткізеді. «Жәйрем КБК» басшылары «Өндіріс волонтерлары» қозғалысын қолдап, топтың акцияларына атсалысады. Осылайша, үлгі бола отырып, кенттің тағдырына, тұрғындарына немқұрайлы қарамайтындарын көрсетеді.

Жәйремде «Казцинктің» күшімен жаңа мешіт бой көтерді. Оны күтіп-ұстауға да қажетті қаражатты компания бөледі. Коммуналдық кәсіпорындарға, мектептер мен балабақшаларға да көмек көрсетіледі. Ескі Жәйрем кентінде көшені жарықтандыру бағандарын орнату, намазхана ғимаратын жөндеу жобалары жоспарлануда.

* * *

Өткен жылы нақты атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайлы «Жәйрем КБК» АҚ тұрақты даму жөніндегі атқарушы директоры Айдос СЕРІКОВ әңгімелейді.

– Айдос Ахметжанұлы, өткен жылы Қарағанды облысы әкімдігі, Жәйрем КБК және «Казцинк» арасындағы меморандум аясында жасалған іс-шаралар жетерлік. Қандай объектілер көмекке қол жеткізді?

– 2021 жылы негізінде меморан думда қарастырылған іс-шаралардан әлдеқайда көп жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, мешіттің, мәдениет үйінің қызметін қолдау жолға қойылды (көмір қоймасын салу, өрт кезіндегі дыбыстық ақпарат аспабын орнату, мұражай ашу). Тұрғындарға қызмет көрсететін ТҚКО және басқа да ұйымдарды орналастыру үшін Металлургтер көшесі, 27 мекен-жайындағы ғимараттың сол жақ қанатына жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар полицияға (ӘС қалқасын салу, жиһаз сатып алу), ауруханаға (шақыртылған дәрігерлерді қолдау) көмек көрсетілді. Біздің маңызды миссиямыздың бірі – Спорт федерациясының бағдарламаларын қаржыландыру, коммуналдық шаруашылықты қолдау (көмір бөлу, апаттық жағдайларда көмек көрсету, жертөлелерді жөндеу, Тұзкөл бастоғанын күтіп ұстау). Жәйремдегі және Қаражалдағы спорт кешендері жаңартылды, жеті көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделді. Кентте бейнебақылау камералары орнатылған. Компанияның қатысуымен кентті 4G интернет байланысымен қамтамасыз ететін екі базалық станция пайда болды.

– Меморандумнан тыс, «Жәйрем КБК» басқа бағытта да көмек көрсететіні мәлім. Осы жайлы айтып өтсеңіз.

– Иә, меморандумнан тыс көмек тұрақты түрде көрсетіледі. Мәселен, «Жәйрем КБК» және кәсіподақ ұйымы жанынан құрылған Ардагерлер және Жастар кеңестері, комбинаттың «Өндіріс волонтерлары» қоғамдық бірлестігі қыруар шаруа атқарып келеді. Олардың қызмет ауқымында маңызды міндеттер қамтылған: ардагерлерімізді қолдау, волонтерлердің көмегімен кенттегі мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғызілікті адамдарға жәрдем беру. Қоғамдық жұмыстарға уақыт тауып қана қоймай, игі істердің ары қарай өркен жаюына өз қалталарынан қаражат шығаратын волонтерлерге алғысымыз зор. «Казцинктің» қолдауымен қызметкерлеріміздің де, олардың отбасы мүшелерінің де ауыр сырқатын емдеуге материалдық көмек көрсетілді.

– Құзырлықты дамыту орталығында тұрғындарды оқыту қалай өтуде? Жаңа өндірісті білікті мамандармен қаншалықты қамтамасыз етіп отыр?

– Орталық «Казцинк» компаниясы мен Қарағанды облысы әкімдігінің арасында жасалған өзара ынтымақтастық меморандумы негізінде сұранысқа ие жаңа жұмысшы мамандықтарына оқытып және біліктілігін арттыру жолымен Жәйрем кентінің тұрғындарын Қарағанды облысының еңбек нарығында жұмысқа орналасуына көмек беріп, қызмет бабындағы мансаптарын жоспарлауға қолдау көрсету мақсатында «Жәйрем болашағы» қоғамдық қоры жанынан құрылған болатын. 2021 жылы мұнда еңбек нарығында сұранысқа ие жеті мамандық бойынша 91 адам оқудан өтті. Олардың ішінде жартысынан көбі «Жәйрем КБК-не», қалғаны басқа ұйымдарға жұмысқа орналасты. Жұмыс жалғасуда. Атап айтқанда, 2022 жылдың қаңтар айының соңында ҚДО-ға бес мамандық бойынша 106 адам тіркелді: флотатор, карьерден кен массасын тасып шығаратын жүргізуші, тиегіш жүргізушісі, елеуші және жөндеуші слесарь. Барлығы да өндіріске керек мамандықтар.

Кент тұрғындарына Жәйремнен тыс та сұранысқа ие болашағы бар мамандықтар алуына қолдау көрсету – компаниямыздың ұзақ мерзімді басымдығы. Бұл адамдарға қарқынды дамып бара жатқан еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді.

– Мәдениет орталығы өткен жылы «Казцинктің» қолдауымен мұражай ашты. Оны дамыту қалай жүруде?

– Жәйрем кентінің мұражайы үшін меморандум аясында компания құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізді, жиһаз, жабдықтар сатып алды. Бүгінгі күні Мәдениет үйі әкімдікпен және комбинатпен бірлесіп, мұражайды қажетті материалдармен толықтыру жұмыстарын атқаруда. Бір қуантарлығы, бұл мекемеде біздің кәсіпорынның да бұрышы болады: тарихы жайлы ғана емес, жаңа полиметалл байыту фабрикасы туралы, сондай-ақ, Жәйрем КБК даму жоспары да қамтылады.

– Биылғы жылға межеленген жоспарлар қандай?

– Компания кенттің тұрақты дамуындағы маңызды әлеуметтік бағыттарды қаржыландыруды жалғастыра береді: медицина, коммуналдық сала, мәдениет, спорт. Қалған сұрақтар бойынша міндеттемелердің бір бөлігін өз жауапкершілігіне алуды жоспарлап отырған Қарағанды облысының әкімдігімен келіссөздер жүргізуді межелеп отырмыз. Компанияның атқарушы билікпен көпжылдық ынтымақтастығы арқасында халықтың әл-ауқатының артуына бағытталған жұмыстарды жоспарлы түрде жүзеге асыратын тиімді механизм қалыптасқан.

 Алена ЕРМОЛАЕВА.