25 қазан Республика күніне орай өткен шарада «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісіне Жаңаарқа аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі Ғалымжан Бейбітұлы Қасенов ие болды. Осы ретте бүкіл адамзатқа қауіпті дерттің алдын алып, жануарлар мен үй жануарларының қауіпті індетке шалдықтыма зерделейтін зертханаға арнайы ат басын бұрдық. Ветеринария саласының негізгі міндеті ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екені мәлім. Осы орайда өз мамандығының майталманы, аудандық ветеринария зертханасының меңгерушісі, І-ші дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгі иесі Ғалымжан Бейбітұлынан сұхбат алдық.
— Ғалымжан Бейбітұлы, өзіңіз жайлы айтып, еңбек жолыңызбен таныстырып өтсеңіз?
— Мен 1973 жылы дүниеге келіп, осы өңірде ер жеттім. Атасу станциясының 8 жылдық мектебінде оқып, 2 жылын Ералиев ауылдық округінің мектебінен тәмамдадым. 1990 жылы Ақмола ауылшаруашылық институтына ветеринария мамандығына оқуға түсіп, жоғарғы оқу орынын 1995 жылы аяқтадым. Сол жылы аудандық ет базарында қызмет жасадым, 4 жыл ауданда веттехник, аудандық ветстанцияда жұмыс атқардым. Кейін лицензиясы бар дәрігер болған соң жеке кәсіп ашып, жұмыс атқардым. Осы мекеме 2012 жылы салынып, қолданысқа 2013 жылы берілді. Ашылған уақытта мал дәрігері қызметінде жүрдім, 2 жылдан соң ветеринариялық зертхана меңгерушісі болып тағайындалдым.
ауданы және Талдыбұлақ, Бидайық ауылдық округтерінен шығып, халық уланып, адам өліміне әкеліп соқтырған болатын. Одан бері қанша уақыт естімеген едік. Сібір жарасының адамға жұғуының басты себебі тазалық болмағаннан ғана емес, етті бұзғанда жай ғана сызып өткеннен де бойға тарап, жарақат алған дене терісін қара болып күйдіріп жібереді. Ата-бабамыз оны күйдіргі деп атаған. Кейіннен тек сиырда ғана емес ит, жылқы, түйеден табылған соң сібір жарасы деп атап кетті. Біз алдын-ала берілетін екпелерге жауапты емеспіз, біздің қызмет ол қауіп қатермен де жиі бетпе-бет келеді. Жылдың қай мезгілінде болмасын белгілі бір ауруға шалдыққан төрт түлікті алдымен тексеріп, ем-дом жасау шараларын атқарамыз. Кей жағдайларда ауру түрін анықтау үшін малдың өлексесімен жұмыс істеуге тура келеді. Сібір жарасы, туберкулез, бруцеллез, аусыл, қарасан, індетті лимфангоит, қатерлі ісік, сап, құтыру сияқты сан түрлі жұқпалы аурулармен жалғыз күресуге мәжбүр боламыз. Аталған ауру түрлерінің адам денсаулығы үшін қаншалықты қауіпті екені айтпаса да түсінікті.
—Жұмыстарыңыз жайлы баяндағаныңызға рақмет, еңбегіңіз жана берсін.
Бүгінде малдың жай-күйін баласынан кем күтпейтін аудан және ауыл адамдары таңертеңгі тірлігін алдымен қора-жайынан бастайтыны белгілі. Малдың өнімін азық еткен әр отбасы сақтық шараларын естен шығармағаны жөн. Малға тағайындалған екпелерді уақытылы салдырғаны өзіне де, өзгеге де қауіпсіз болмақ.
Айзада Әсетқызы