Қаражал қаласының әкімі лауазымына Айқын Елеусізов тағайындалды. Ол 1986 жылы 28 қаңтарда Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде туған.
Білімі: 2007 жыл — Қазақ гуманитарлық заң университеті
2011 жыл — Қазақ қатынас жолдары университеті
13.08.2007-25.09.2007
ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша қазынашылық департаменті жоспарлар және рұқсаттар басқармасы мемлекеттік органдарымен жұмыс жасау бөлімі бас маманы-бас қазынашысының м.а.
25.09.2007-14.07.2008
ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша қазынашылық департаменті жоспарлар және рұқсаттар басқармасы мемлекеттік органдарымен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы — бас қазынашысы.
14.07.2008-01.04.2009
ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша қазынашылық департаменті мемлекеттік бюджетті атқару басқармасы Республикалық бюджетті атқару бөлімінің бас маманы — бас қазынашысы.
01.04.2009-14.08.2009
ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша қазынашылық департаменті бюджетті атқару басқармасы күш органдарымен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы — бас қазынашысы.
17.08.2009-14.03.2010
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және транзиттік саясат департаменті транзиттік саясат басқармасының сарапшысы.
15.03.2010 -20.10.2010
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ұйымдар басқармасының І санатты сарапшысы.
21.10.2010-05.01.2011
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ұйымдар басқармасының бас сарапшысы.
06.01.2011-19.06.2012
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Екіжақты ынтымақтастық басқармасының сарапшысы.
20.06.2012-29.11.2012
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ұйымдар басқармасының сарапшысы.
30.11.2012-15.04.2013
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ұйымдар басқармасының бас сарапшысы.
16.04.2013 -11.05.2014
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Еуразиялық интеграция басқармасының бас сарапшысы.
12.05.2014 -30.09.2014
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Еуразиялық интеграция басқармасының бас сарапшысы.
01.10.2014 -31.07.2016
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Экономикалық интеграция департаменті көлік және инфрақұрылым басқармасының басшысы.
01.08.2016 -23.10.2016
Атырау облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.
24.10.2016-14.08.2017
Атырау облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бөлім басшысы.
15.08.2017-27.07.2020
Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.
01.09.2020-31.08.2022
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы әкімнің орынбасары.
01.09.2022 жылдан осы уақытқа дейін Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімнің орынбасары болған.