Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қаражал қаласында “Менің туым — менің мақтанышым” авто-вело шеруі ұйымдастырылды.
Шараның басында Мемлекеттік Әнұран орындалып, Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Ақжол Құрмансейіт жиынға қатысушыларды құттықтады.
Шеруге қатысқан қаражалдықтар орталық көшелерде көк туымызды көкке желбіретіп, көпшілікті бірлікке, ынтымаққа шақырды. Акцияға 20-дан астам көлік пен велосипедші қатысты.