26.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТӨнер қызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды26.11.2026
Отанымыз – Қазақ елі мәңгі жасасын! Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл
Ресми

Қадірлі жерлестер! Құрметті мұсылман бауырлар!

21.04.2023 · 15:26 · admin

Барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке — адамгершілік, мейірімділік пен қайырымды істерді сипаттайтын қасиетті Рамазан айының аяқталуымен байланысты.

Бұл ізгі құндылықтар тек мұсылман халқына ғана емес, жалпы адамзатқа ортақ.

Сондықтан біздің елде Ораза айт діни мереке екеніне қарамастан барлық қазақстандықтарды біріктіреді.

Тәуелсіздік алған уақыттан бері Қазақстан бейбітшілік пен жасампаздық, сенім мен адамгершілік, бейбітшілік пен татулық аумағы болды.

Әрқашан ғұмырымыз осы қасиетті мереке сияқты игі істер мен жақсылыққа толы болсын!

Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт пен береке тілеймін!

 

Ізгі ниетпен,

Қаражал қаласының әкімі Т.Досаев

Қалалық мәслихаттың төрағасы З.Оспанова