Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палатаның Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы лауазымына Нұртай Сабильянов сайланды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Жалпы отырыста дауыс беру барысында Палата депуттары бұл кандидатураны қолдады.
Нұртай Салихұлы Сабильянов 1962 жылдың 1 маусымында сол кездегі Семей облысы Аягөз ауданы Шынқожа ауылында дүниеге келген.
1988 жылы Алматы халық шаруашылығы инстиутын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша бітірді.
1999 жылы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша тамамдаған.
Парламенттің бірқатар шақырылымдарында депутат, соның ішінде Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болып келген еді.