Сiздердi кәсіби мерекелеріңіз – ауыл шаруашылығы қызметкерлерi күнiмен құттықтаймыз!
Жыл сайын аграрлық сектор қарқынды дамып келеді. Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды орындау осы саланы дамытуда оң өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлесін қосып отыр.
Қымбатты жерлестер!
Сiздер қажырлы еңбектерiңiзбен елiмiздiң экономикасының дамуына ғана емес, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына да қомақты үлес қосып келесiздер. Барша ауыл шаруашылық жұмыскерлеріне зор денсаулық, отбасыларына береке-молшылық, тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз!
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат хатшысы.