Қазақстанда алғаш рет біз кітапхана саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өтеміз. Сіздерді осы тамаша мерекемен құттықтаймыз!
Әр қоғамның өмірінде кітапханалардың маңызы зор. Кітапханалар халықтың әлеуметтік және мәдени дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Барлық уақытта кітаптар білім көзі болды: олар ағартады, даналыққа үйретеді, өнермен таныстырады, бізді рухани бай және әдемі етеді.
Кітап адамның адал серігі – оқырмандарына күш береді, ұмытылмас минуттар сыйлайды, жұмыс көзі, өмірдегі көмекші, шығармашылық ізденіс.
Кітапханашы көбінесе әдебиеттің үлкен әлемінде тәлімгер, үйлестіруші, бағыттаушы болады, айналасындағыларға кітап пен оқуға деген сүйіспеншілікті оятады, осылайша, білім мен өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін тудырады.
Құрметті кітапханашылар!
Сіздерге денсаулық, шығармашылық жетістіктер және ризашылық білдіретін оқырмандар тілейміз!
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат хатшысы.