Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына сайлануға үміткер ретінде ресми тіркелген тұлғалар сайлау қарсаңындағы бағдарламалары мен үгіт-насихат материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында ақылы негізде жариялауға құқылы.
Соған орай, «Қаражал қалалық «Қазыналы өңір» газетінің редакциясы» ЖШС материалдарды жариялау төлемақысы төмендегідей мөлшерде бекітілгенін хабарлайды:
-Газеттің ішкі және соңғы беттерінде шығатын материалдың (суретін қоса алғанда) әр см2 – 279,25 теңге.
-Материалды ұсынушы тараптың талабы бойынша газеттің бірінші бетіне салынатын жарияланымның (суретін қоса алғанда) әр см2 – 558,5 теңге.
-Бірінші бетке салынатын материалдың көлемі (суретімен қоса алғанда) 200 см2- ден аспауы тиіс. Ал, асып кеткен жағдайда қалған бөлігі әр см2-іне 279,25 теңге есебімен ішкі немесе соңғы беттерге ауыстырылып басылады.
Ескертулер: -газет аптасына бір рет – сенбі күндері жарық көреді; -жариялауға ұсынылатын материалдар газеттің келесі номері шығатын аптаның бейсенбісінен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс; -үміткерлердің материалдары мен олардың ұсынылу реттілігі ҚР қолданыстағы заңнамасы талаптарына сай болуы міндетті.
Қаражал қалалық «Қазыналы өңір» газетінің редакциясы.