26.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТӨнер қызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды26.11.2026
Отанымыз – Қазақ елі мәңгі жасасын! Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл
Ресми

Президент сайлауы 20 қараша күні өтеді

24.09.2022 · 21:12 · admin

Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы 20 қараша күні өтеді. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жанжақты көмек көрсетсін. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – деп жазылған құжатта.