Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан ҚҰСМАНҒАЛИ жұмыс сапарымен Қаражал-Жәйрем өңірінде болып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың тыныс-тірлігін бағамдады. Кеншілер күніне арналған мерекелік шараға қатысты.
Аймақ басшысының орынбасары қаладағы білім беру нысандарына барып, олардың жай-күйімен, жаңа оқу жылына әзірлік деңгейімен танысты. Бұдан соң медициналық мекемелерге атбасын бұрды. Әлеуметтік нысандарды аралау барысында түйткілді мәселелерге баса назар аударылғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы алда тұрған міндеттер мен орындалуы тиіс тапсырмалар да пысықталды.
Ғалымжан Мұратұлы қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен мақсатты жиын өткізіп, өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады.
Кеншілердің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары өңірдегі еңбек майталмандарын аймақ басшысының атынан құттықтап, озаттарға Құрмет грамоталарын табыс етті.
Ізай БЕЙСЕНБАЕВ.