Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы Қаражал-Жәйрем өңірі жұртшылығына тың серпін сыйлады деуге толық негіз бар. Әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажеттігі жөніндегі тұжырымы осы саладағы халыққа қатты ұнады.
«Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес», деді Президент.
Мемлекет басшысы осы орайда Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс екенін және бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек екенін де атап өтті.
«Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Марат САТАНОВ,
Қаражал қалалық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.