Спорт күні қарсаңында Қаражал қаласының әкімі Тілектес ДОСАЕВ «Қаражал» шағын футбол командасының ойыншыларымен және осынау спорт түрінің дамуына қолдау танытқан тұлғалармен кездесті. Жүздесу барысында өңір басшысы олармен емен-жарқын әңгіме құрып, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Жеңісті жолдарының жалғасын табуын тіледі.
Орайы келгенде айта кетейік, аталмыш футбол командасы 2021-2022 жылдардағы маусымның қорытындысы бойынша қарағандылық футбол әуесқойлары арасында өткен «B» лигасында екінші орынға ие болды. Сөйтіп олар «А» лигасы құрамында ойнау құқығын беретін жолдаманы жеңіп алды. Демек, қаражалдық шағын футбол майталмандары келесі маусымнан бастап «А» лигасында ойнайтын болады. Олардың алдағы маусымдағы мақсаты – жоғары лигаға жолдама алу.
Ойыншылар өз кезегінде «Өркен-Атасу» кәсіпорны мен «Global Mining Technology» ЖШС басшылық құрамына шынайы пейілмен көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.
Ізтай БЕЙСЕНБАЕВ