Облыстың алғашқы Қоғамдық кеңесі құрылды

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Ұлытау облысы Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді. Оны қалыптастыру мақсатында жарияланған хабарландыру нәтижесінде 20 адамнан өтініш түсті. Жұмыс тобы жүргізген әңгімелесу қорытындысында кеңестің 13 адамнан тұратын құрамы іріктеліп алынды.

Облыстық мәслихат бекіткен облыстық Қоғамдық кеңестің құрамына әртүрлі санатқа жататын (өнеркәсіп, спорт, бизнес, мәдениет, білім беру, ауыл шаруашылығы салалары қамтылған, сондай-ақ, арасында 1-ші топ мүгедегі, көпбалалы ана бар) облыстың барлық қалалары мен аудандарының өкілдері енгізілген.

Жасақталған құрамда Ерболат Жалғасбайұлы Сатыбалдин, Аяна Мақсұтқызы Мукеева, Мұрат Қадірұлы Мәткенов, Абзал Мұсылманбекұлы Әбжаппаров, Мархат Ысқақұлы Хамитов, Бауыржан Жаппасұлы Бегенов, Данияр Даукенұлы Жақсыбеков, Артем Сергеевич Ким, Сәкен Жайлаубайұлы Оспанов, Дәурен Досымұлы Ізтөлеуов, Марат Егінбайұлы Бекмағанбетов және Ақжарқын Ғалымқызы Төкішова бар.

Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында әріптестері Ерболат Сатыбалдинді кеңес төрағалығына бірауыздан сайлады.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің материалдары негізінде әзірленді.