Жезқазған қаласында Ұлытау облысы ардагерлер ұйымының алғашқы конференциясы өтті. Конференция жұмысына «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Оралды ТӨРЕҒОЖИН, Ұлытау облысының әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ қатысты. Осы орайда, Ұлытау облысының ардагерлер ұйымын құру туралы шешім «Ардагерлер ұйымы» РҚБ 20 мамырда өткен кезектен тыс ХІХ съезінде қабылданғанын айта кеткен жөн.
Конференцияның күн тәртібіне сәйкес, ұйым төрағасы сайланып, делегаттар Қарағанды облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Сағындық Үсенұлы Қожамсейітовтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Сонымен қатар, ұйымның облыстық кеңесі мен алқа құрамы бекітілді.
Жиын барысында Бақтықожа Салахатдинұлы баяндама жасап, ардагерлердің жастар тәрбиесі, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлт тарихын насихаттау ісіндегі рөліне кеңінен тоқталды. Республикалық ұйым жетекшісі, сонымен қатар, облыс басшысы Берік Әбдіғалиұлы мен бірқатар ардагерге ұйым жұмысын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен белсенді қоғамдық қызметі үшін Алғыс хат табыс етті.
Облыс әкімі өз кезегінде аймақ ардагерлерін жаңа ұйымның құрылуымен ақжарыла құттықтап, Бақтықожа Ізмұхамбетовке алғысын білдірді.
Өз тілшімізден.