Қаражал қаласында көлік жолдарындағы апатты жағдайлардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңір тарихында алғаш рет бейнебақылау камералары орнатылды.
Қаражал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Сауытбаевтың айтуынша, жергілікті бюджеттен мақсатты негізде 27 бейнебақылау камерасын орнатуға қаражат бөлінген. Келісім-шарт сомасы – 20917,0 мың теңге. Мердігер – «Абенов» жеке кәсіпкерлігі.
– Жұмыстар маусым, шілде айларында жүргізілді. Үнемделген қаражатқа қосымша 15 камера қою жоспарлануда. Бүгінгі күні Тойымбеков, Абай, Дүкенов, Битабар, Тәуелсіздік көшелеріне камералар қойылды. Қалаға кіреберіс жолдарға автомобиль номерлерін анықтайтын 2 камера орнатылды, – деді Нұрсұлтан Бауыржанұлы.
Ізтай БЕЙСЕНБАЕВ