Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен облыстық мәслихат хатшысы Бауыржан Шыңғысов Жезқазған жоғары политехникалық колледжі, Технология және сервис колледжі, кен-металлургиялық колледжіне барып, кәсіптік-техникалық білім ошақтарының оқыту процесі, материалдық-техникалық базасымен, шәкірттерге ұсынылған тұрмыстық жағдайлармен танысты.
Аймақ басшысына сонымен қатар, Жезқазған жоғары политехникалық колледжіндегі мемлекеттік «Жас маман» бағдарламасының орындалысы туралы ақпарат берілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.