Ұлытау облысының құрылуына орай, ұлытаулық ұландардың ұйымдастыруымен өткен кең ауқымды «Ұлт ұясы — Ұлытау» ұлттық спорт ойындары аясындағы тай жарысы бəсекесінде Жəйрем кентінің тұрғыны Ерлан ТӨРЕБЕКОВ баптаған жүйрік мəре сызығын бірінші болып қиды.
Аталған сынға республиканың түкпір-түкпірінен бірыңғай «сен тұр, мен атайын» санатындағы сан додада топ жарып, иесімен қоса өз аймағындағы қалың қауымның мерейін үстем еткен дүлділдердің жиналып, бабы мен бағын сынға салғанын ескерсек, бұл жеңістің жеңілге түспегенін аңғару аса қиын емес.
Қалай десек те, уақыт өте келе аламанда алға шығуы бек мүмкін жəйремдік жүйріктің Бас жүлдені еншілеуі – кенді өңірде ат спортының өркен жаюына себепкер болар аса жағымды жаңалық.
Мерейлі сəттер мол болсын, ағайын!
Өз тілшімізден.