Еңбек адамы – елдің тірегі!

Қарапайым таңнан кешке дейін маңдай терін төгіп, адал еңбегімен елге қызмет етіп жүрген азаматтар – нағыз батырлар. Олардың арқасында ауыл көркейіп, қала дамып, халықтың тұрмысы түзеледі.

Қолына құрал ұстаған жұмысшы да, егіс даласында тер төккен диқандар да, білім мен тәрбиенің шамын жаққан ұстаздар мен дәрігерлер де – бәрі де еңбек майдангері.

Бүгінгі бейбіт өміріміздің негізі – сол еңбек адамдарының қажырлы еңбегінде.

Қадірлі еңбек адамдарына мың алғыс!