Қалыптасқан дәстүр бойынша тамыз айының соңғы жексенбісінде біз аймақ тұрғындарының аса сүйікті мерекелерінің бірі – Кеншілер күнін атап өтеміз.
Табиғат біздің жерді өзінің қазына-байлығымен барынша мол қамтыған. Біздің аймақта өз өмірін білімі мен тәжірибесін ғана емес, батылдық пен табандылықты, мамандыққа адалдықты талап ететін кенші мамандығымен байланыстырған адамдарды ерекше құрметтейді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың қамқорлығының арқасында бұл сала өңірдегі ең басты салалардың бірі болып саналады. Сіздердің еңбектеріңіз нәтижесінде аймақтың тек экономикалық қана емес, әлеуметтік мәселелері де шешілуде.
Бүгінгі мереке күні біз өндірісті өлкемізді өркендетуге, экономикасының қалыптасуы мен дамуына айрықша зор үлес қосқан ардагерлерге, еңбек сіңірген кеншілерге зор алғысымызды білдіреміз.
Құрметті кеншілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, баянды бақыт және отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз!
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат хатшысы.