Ұлытау облысының Сәтбаев қаласындағы «Балдырған» бөбекжайына 1956 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде ғимараттың қасбеті мен шатыры жаңартылып, ағаш конструкциялар өртке қарсы өңдеуден өткізілді, жаңа терезелер орнатылды, инженерлік жүйелер — кәріз, жылу және электр желілері толық ауыстырылды. Ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда, қабырғалар мен төбелер тегістеліп жатыр. Сонымен қатар қойма ғимараты қапталып, жертөле деңгейінде әрлеу жұмыстары жоспарланған. Жөндеу жұмыстары балалар мен қызметкерлерге қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға бағытталған.
