Дәстүрге сай, біз тамыз айының алғашқы жексенбісінде көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өтеміз.
Бұл саланың ел экономикасындағы маңызына баға беру – өте күрделі. Өйткені, дамыған көлік инфрақұрылымынсыз халықтың лайықты өмір сүру деңгейі туралы және өндірістік өсім туралы сөз қозғау мүмкін емес.
Біздің аймақтың көлік қызметкерлері елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген тапсырмалар мен міндеттерді жүзеге асыруға зор үлестерін қосуда.
Көлік инфрақұрылымының аса маңызды құрылымдарының бірі кәсіпорындар мен халықты жолаушы және жүк тасымалы қызметімен қамтамасыз етіп отырған автокөлік саласы екені сөзсіз.
Аймақ тынысында теміржол көлігінің алатын орны зор. Теміржол көлігі қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында жүк тасымалы уақытылы жүргізіліп, жолаушылар үшін барынша қолайлы әрі қауіпсіз қызмет ұсынылып келеді.
Барлық көлік құрылымы қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Сондай-ақ, олар жеткен жетістік деңгейінде тоқтамай, алдағы ортақ міндеттерді шешуге инновациялық мақсатпен келеді деп сенеміз.
Біз ұзақ жылдар бойы осы салада қызмет атқарып, өз іздерін басып, істерін жалғастыратын лайықты буын тәрбиелеген аға ұрпақ өкілдеріне, яғни, сала ардагерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз.
Қымбатты достар!
Баршаңызды көлік қызметкерлерінің мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт және еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат хатшысы.