Телеарна бағдарламысына қатысты

Мектептің 4-5 сынып оқушылары облыстық «Saryarqa» телеарнасының балаларға арналған ақпараттық-танымдық «Қуырмаш» атты бағдарламасына шақырту алды. Жас таланттарға мектептің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Үміткүл Ташаева жетекшілік етті.

5-сынып оқушылары арасынан Ерсұлтан Хизатхан, Ерке және Айсұлу Наукеновалар, Аселия Әбдіманатова, Кәусар Кәрім өнер көрсетсе, Ерке Жамбекова, Марал Нұртас сынды жас дарындар 4-сыныптың намысын қорғады.

«Қуырмаш» сахнасы төрінде өнерлерін ортаға салған балалар әуелетіп ән айтып, мәнерлеп өлең оқыды. Би билеп, жүргізуші Ақбота Қасымбек қойған сан алуан сұрақтарға да мүдірмей жауап берді. Сондай-ақ, жұмбақтар жауаптарын дәл тауып, оқылған мақалмәтелдердің жалғасын айтып, тапқырлықтары мен ой ұшқырлықтарын шыңдай түсті. Білім бәсекесінде оза шапқан жас өрендер ұлттық ойында да осал еместіктерін көрсетті.

Бағдарламаға қатысқан күн оған қатысушылар үшін жемісті де, жеңісті болды.

Қызғалдақ АРТЫҚБАЕВА,

№10 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі.