4 министрі ауысқан Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды

Аптаның басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Үкімет қызметінен кетті. Ал келесі күні Үкімет құрамына жаңа министрлер тағайындалып, жаңа Үкімет жасақталды.

Сонымен, Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов еліміздің премьер-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Әлихан Смайылов атқарған болатын. Ал Президент Әкімшілігіне Айбек Дәдебаев келді.

Сондай-ақ, төрт министр ауысты. Атап айтқанда, Әлібек Қуантыровтың орнына Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып Нұрлан Байбазаров тағайындалса, Ерұлан Жамаубаевтың орнына Мәди Тәкиев Қаржы министрі болды. Денсаулық сақтау министрі болып Ажар Ғинияттың орнына Ақмарал Әлназарова тағайындалды, Сырым Шәріпхановтың орнына Төтенше жағдайлар министрлігін енді Шыңғыс Әрінов басқарады.

Қалған Үкімет мүшелері өз орындарында қалды.